Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Отан үшін от кешкендер» кітабының тұсаукесері өтті

«Отан үшін от кешкендер» кітабының тұсаукесері өттіҚазалыдан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы жазылған «Отан үшін от кешкендер» атты кітаптың тұсаукесері салтанатты шарасы өтті, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен. 
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Бахыт Жаханов қатысып, кітаптың қалың оқырманға жол тартқанын айтып, құттықтады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов елі үшін адал еңбек етіп, тер төккен ерлерді әрқашан келер ұрпаққа насихаттап, үлгі етіп отыру қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен аудан әкімі Бахыт Жахановтың алғы сөзімен басталған кітап 4 тараудан тұрады. Онда соғыс оралмаған жауынгерлер мен соғыста жау қолына түскен жандар және соғыстан аман оралып, бейбіт өмірдегі еңбекке араласқан ардагерлер туралы баяндалған.
Сондай-ақ, жеңіс туының желбіреуіне бірден-бір үлес қосқан жандар - тыл ардагерлері туралы мәлімет те осы кітаптан табылады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: