Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде кәсіпкерлік көкжиегі кеңейе түсті

Шиелі ауданында  «Еңбек» бағдарламасының І бағыты бойынша 75 азаматты 3 жылға дейінгі мерзімді құрайтын кәсіптік білім беру оқу орындарында қыркүйек айынан бастап оқыту жоспарланған. Оған техникалық және кәсіптік білім даярлау бағытында көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасының балалары тартылады. 
Ал ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасы аясында жыл көлемінде 300 азамат кәсіпкерлік негіздеріне бекітілген кестеге сәйкес топ-тобымен оқытылатын болады. Биылдан бастап онлайн түрде 73 азамат оқуға жолданып, 65 азамат оқу курстарын аяқтады. Екінші топқа 60 азаматқа жолдама беріліп, онлайн түрде оқыды. Жоба аясында оқуға өтініш білдірген азаматтар санының артуына байланысты қосымша 500 азаматты оқытуға сұраным жолданды. Жалпы, жыл соңына дейін 800 азамат оқытылады деп күтілуде. Аталған көрсеткіштерге назар аударсақ, аудан тұрғындарының белсенділігі, ынта-талап, жоғары екендігі көңіл қуантады. Жыл басынан бері жоспарланған 350 азаматтың жаңа бизнес-идеяларын іске асыру бағытында 120 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Сонымен бірге, мемлекеттік грант алуға өтініш білдіруші азаматтар санының артуына байланысты 450 азаматқа қосымша сұраным жолданды. Өтінім мақұлданған жағдайда, жалпы жыл соңына дейін 800 азаматқа мемлекеттік грант берілетін болады,
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: