Жол жөндеу жұмыстары бойынша жалпы ұзындығы 99,3 шақырымды құрайтын 114 көшеге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттен барлығы 2 033,5 млн. теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде:
-Республикалық бюджеттен бөлінген 29,0 млн. теңгеге Қызылөзек
(3 шақырым), 29,0 млн. теңгеге Қараөзек (3 шақырым), 129,5 млн. теңгеге Иіркөл елді мекенінің (16 шақырым) кіре беріс жолдарына және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 66,3 млн. теңге, барлығы 22,0 шақырымды құрайтын орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-облыстық бюджеттен бөлінген 446,5 млн. теңгеге Тасбөгет кентінде
9,7 шақырым болатын 6 көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: 6,6 шақырым болатын 3 көшеге күрделі жөндеу және 1,6 шақырым болатын 2 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырым болатын 1 көшенің құрылысы жүргізілуде (Жангелдин, Жанкин, Әбілқасымов күрделі жөндеу, Жүнісов жол құрылысы, Оразбаев, Есенов орташа жол жөндеу).
-облыстық бюджеттен бөлінген 76,3 млн. теңгеге Белкөл кентінде
2,7 шақырым болатын 4 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Зеленая, 2-Линия, 3-Линия, Есмаханов көшелері).
-облыстық бюджеттен бөлінген 83,2 млн. теңгеге Ақсуат ауылдық округінің Махамбет елді мекенінің 7,3 шақырым болатын 12 көшесінің орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде (1а, 2а, 3а, 4, 5а, 37, 42, Сыр самалы, А. Найзағаров, 8, 9, 9б көшелері).
-облыстық бюджеттен бөлінген 46,5 млн. теңгеге Қызылжарма ауылдық округінде 2,3 шақырым болатын 1 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Сексенбаев көшесі).
-Абай ауылдық округіне кіре-беріс жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 46,9 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.
-Сәулет мөлтек ауданындағы 3 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 22,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.
-облыстық бюджеттен бөлінген 577,3 млн. теңгеге 7,5 шақырым болатын
3 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. (А. Тоқмағамбетов, А. Байтұрсынов, Жаппасбай батыр көшелері).
-Үнемделген қаржы есебінен 1,5 шақырым болатын 3 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: Арай 15 көшесі Жібек Жолы көшесінен «Нұр Орда» мөлтек ауданына дейін (0,9 шақырымға) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жүнісов көшесі Абдуллаев көшесінен Исаев көшесіне дейін (0,5 шақырымға) және Баян ауыл көшесі Сейхун көшесінен Ак жайық көшесіне дейін (0,08 шақырымға) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
-облыстық бюджеттен бөлінген 39,9 млн. теңгеге 0,7 шақырым болатын Шымбай мен Қаратоғай көшелерінің қиылысын айналма жолды орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
-қалалық бюджеттен бөлінген 246,3 млн. теңгеге ұзындығы
8,2 шақырымды құрайтын 13 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары және 162,6 млн. теңгеге ұзындығы 31,8 шақырымды құрайтын 60 көшенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңгеге Саяхат мөлтек ауданындағы ұзындығы 2,1 шақырым болатын 3 көше және Алфараби мөлтек ауданындағы ұзындығы 0,7 шақырым болатын 1 көшеге тас жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық бюджеттен бөлінген 40,3 млн. теңгеге қала аумағындағы 68 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-ы әзірленді.
Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 2,3 млн. теңгеге мүгедектерге қызмет көрсететін ұйымдар орналасқан жерлерге жол белгілері мен жол сілтегіш орнату және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарда дыбыстайтын құрылғылар орнатылатып, пайдалануға берілді.
Қалалық бюджеттен бөлінген 2,3 млн. теңгеге А. Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан №3,5 гимназиялардың тұстарына 4 дана сведодиодты жол белгілері орнатылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 33,3 млн. теңгеге С. Бейбарыс көшесінен Жібек жолы көшесі – Қызылжарма каналына дейін магистралды жол құрылысының ЖСҚ және мемлекеттік сараптама қорытындылары әзірленді.
Қалалық бюджеттен бөлінген 2,7 млн. теңгеге Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі көпірден сол жағалаудағы егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша орналасқан көше жолдарына түйісетін бөлігіне дейін жалпы қалалық маңызы бар магистральды көше құрылысына ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан және Саяжай аумағындағы жалпы қалалық маңызы бар сол жақ жағалаудағы жоспарланып отырған магистральды көшесінен бастап аудандық маңызы бар көше құрысына ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоба сметалық құжатын мемлекеттік сараптамадан қоса әзірлеуге облыстық бюджеттен 5,9 млн. теңге бөлінді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы 22,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 12,2 млн. теңгеге Ақсуат, Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтерінің 2,8 шақырымды құрайтын 4 көшенің жол жөндеу жұмыстары және 10,3 млн. теңгеге Ақжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтерінде 3,5 шақырым болатын 7 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.