Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫҚазалы ауданында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур өткізілді. Оған республикалық, облыстық телеарналар мен басылым журналистері қатысып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты.
Олар бірінші болып жас кәсіпкер А.Әуезованың «М-Бай» дәмханасы мен темір өңдеу цехының жұмысымен танысты. Одан соң аудандық Жастар үйінде орналасқан «Барлығы да рахмет үшін» әлеуметтік дүкенін аралап көрді. Мұнда бүгінгі күнге 500-ден астам тұрғынға киім-кешек түріндегі көмек көрсетілген. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы үшін беріледі. 
Бизнес орталығы, «Тамшы су» таза су өндіру цехы, «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңында болған БАҚ өкілдері кәсіп иелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, журналистер Қазалы ауданының көрікті жерлерін тамашалады. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов баспасөз мәслихатын өткізіп, ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: