Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұялы телефондарды алдап сатты

Ұялы телефондарды алдап саттыҚазіргі таңда өзінің тауарын жалған түрде жарнамалап, өзгені алдауға қымсынбайтын адамдар бар. Төмендегі екі оқиға соған сәйкес келеді. 
 1968 жылы туылған азамат Қ.А. есімді азаматшаның сеніміне кіріп, алдап, құны 148000 теңге тұратын «Iphone» маркалы ұялы телефон сатып алғызып, алдап кеткені жөнінде арызданған болатын. Аталған арыз бойынша полиция қызметкерлерімен 1989 жылы туылған азаматша ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Дәл осындай алаяқтық қылмысы қала орталығында орналасқан ірі сауда үйінің бірінде орын алған. 24 желтоқсанда 1989 жылы туылған Шиелі ауданының тұрғыны сауда үйінің қызметкері ұялы телефонның ІМЕІ-кодын дұрыс жазбай, ауыстырып орнына басқа телефон беріп жібергендігі жөнінде полиция бөліміне арызданған болатын. Аталған арыз бойынша сауда үйінде қызмет жасайтын 1992 жылы туылған азамат ұсталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: