Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚИРЕКТЕ БАҚША ӨНІМДЕРІН САТАТЫН ПАВИЛЬОН САЛЫНДЫ

АҚИРЕКТЕ БАҚША ӨНІМДЕРІН САТАТЫН ПАВИЛЬОН САЛЫНДЫ Халық алдындағы аудан және ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесуі бүгін Ақирек ауылында жалғасын тапты.
Есепті кездесу барысында округ әкімі А.Ниязымбетов жергілікті тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларға ерекше ден қойып жатқанын атап өтті.
Соның ішінде, «Сыбаға» бағдарламасымен «Тағыберген» шаруа қожалығы 1 бас бұқа, «Сәуел» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, мемлекет тарапынан әрқайсысы 370 000 теңгеден қайтарымсыз субсидияға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен мал бордақылау мақсатында Нұрбек Айтжанов 2 млн теңге, Жасұлан Саяғұлов 3 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда. Отбасылық кәсіпкерлік те жолға қойылып, 7 шаруа қожалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік мекемелерден тіркеуден өткізілді.
Өткен жылы округ көлемінде атқарылған жұмыстарға келер болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылға 3 млн теңге қаржы бөлініп, ауыл көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 5,4 млн теңге қаржы бөлініп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасының бойына ұзындығы 32 метр бақша өнімдерін сататын павильон салынған. 
Кездесуде есеп берген аудан әкімі де 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өтіп, осы жылы Қызылжар елді мекеніне кіре беріс жолы күрделі жөндеуден өтіп, орталық көшелері жарықтандырылатынын жеткізді.
Жалпы аудан көлемінде жүзеге асқан ілкімді істерге риза болған тұрғындар өткен жылдың қорытындысын оң бағалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: