Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мектеп психологтары тренингтер жүргізді

Қызылорда қаласындағы Сырдария күндізгі тынығу лагеріндегі демалушы жасөспірімдерге мектеп психологтары тренингтер жүргізді.
Мақсаты – демалушылар арасында көңілді психологиялық ахуал қалыптастыру. Шара барысында оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай топ топқа бөлінді.
Кіші топ балаларына танымдық процестерді дамыту ойындары жүргізілді. Ал, жоғары топ балаларына кедергіні жою, қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша тренингтер жүргізілді. Сондай-ақ, лагердегі 170-ке жуық тынығушы балаларға психологиялық ойындар ойнатылып, би терапиясы ұсынылды. Сонымен қатар, жазғы демалыс уакытында су қауіпсіздігі және әлеуметтік желіге тауелділіктен арылу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: