Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалылық жастар игі бастама көтерді

Қазалылық жастар игі бастама көтердіТазалық қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазалы ауданы орталығындағы «Жанқожа батыр» мешітінің маңында орналасқан екі қабатты үйлердің жаны қалдықтарға толы. Бұл, әрине, сол тұрғын үйлерде өмір сүріп жатқан тұрғындардың күнделікті шығаратын күл-қоқыстары мен қатты қалдықтары. Осы мәселе аудан жастарының бастамасымен көтерілді.
«Жас Орда» ЖҚ бірлестігінің төрағасы Әлібек Қуаныш, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қуаныш Сансызбаев, «Қазалы Көркем Сервис» ЖШС директоры Дәулет Тұяқбаев, «Жанқожа батыр» мешітінің қызметкерлері және бір топ белсенді жастар екі қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
«Қазалы Көркем Сервис» ЖШС бірнеше ай бойы жиналған қоқыстарды бүгін бір жолға тазалап берді. Кездесу барысында жиналған тұрғындарға бұдан былай өз қаржылары есебінен қоқыс жәшіктері орналастырылу керектігі ескертілді. Ендігі тазалықтың сақталу-сақталмауы тұрғындардың өздеріне тікелей байланысты болмақ. Ал тазалық тәрітібін сақтамағандарға бұдан былай тиісті шаралар көрілмек. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: