Қосшыңырауда ең алдымен тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды. Таза сумен қамтамасыз етілген. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай орындалуына байланысты бұл мәселе оң шешімін тапқан. Жарық мәселесі толықтай шешілген. Ауылдың санитарлық тазалығын ұстауға бюджеттен 8 490 мың теңге бөлініп, тазалық жұмыстары жүргізілді.