Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада отбасы шырқын бұзған 2302 азамат есепке алынды

Қызылордалық полицейлермен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Сурет: Айқын газеті

2022 жылы  «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 4127 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 671 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан отбасы шырқын бұзған 2302 азамат «қорғау нұсқамасы санатымен» есепке алынды. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 521 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленді. Аталған азаматтар Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қалада 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Өткен жылы орталықтарда 195 әйелге көмек көрсетілген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: