Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІАссамблея жылы аясында 2015 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің мәжіліс залында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын түрлі әлеуметтік топтарға түсіндіру мақсатында кездесу болып өтті.
Кездесудің басты мақсаты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген мемлекет құрушы қазақ халқы мен елімізде тұрып жатқан өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология екендігін түсіндіру. 
Осыған орай "Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы Е.Уәйіс және облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі А.Абасилов қатысып, студенттерге баяндамаларын оқып берді. Кездесу соңында баяндамашылар студенттердің бірнеше сұрағына жауап беріп, олардың пікірін тыңдады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: