Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасы түсіндірілді

«Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасы түсіндірілдіБүгін, 9 қарашада Арал ауданына индустриялық аймақтарда орналасқан жобалардың толық көлемде жұмыс жасауын зерделеу және «Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы құрылған жұмысшы тобы келді. 
Олар аудан кәсіпкерлері мен ауылдық округ әкімдерінің басын құрап жиын өткізді. Аталған жұмысшы топтың жетекшісі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасың басшысы Мирас Төлебаев болса, құрамын: индустриялық – инновациялық даму басқармасының, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерінен құралды. 
Жиын барысында ауыл халқының жұмыссыздық мәселесін жою, кәсіпкерлікті дамыта отырып өз әл-аухатын көтеруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар тарапынан ұсынын – пікірлер айтылды. Біздің аудан ауыл шаруашылық бағытындағы кәсіп түрлерін дамытуға қолайлы орналасқан . Енді шалғай жатқан ауыл халқы осы бағытта жұмыс күшін жандандырып, мемлекет тарапынан берілген несиелер арқылы кәсіп ашпақ ниетте. 
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов: «Алдағы уақытта Арал ауданында жаңа кәсіп көздері ашылып, кәсіпкерлік саласы дами түспек. Бұл үшін біз кәсіпкерлермен бірлесе отырып жұмыс жасайтын боламыз »,- деп қортындылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: