Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Айғожа ишан күмбезі


Кесенеге келгендер діни-жоралғылар өткізіп, намаз оқып, құран бағыштай алады. Ол үшін кесененің шырақшысы бар. Кесенеге келіп кетушілерге арнайы үй де дайындалған. Мал соятын орын да табылады.
Айғожа ишан күмбезі – ХУІІІ-ХІХ ғ.ғ жататын сәулет өнерінің ескерткіші. Бесарық станциясының оңтүстігінде орналасқан күмбезді ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхарадан келген Хамит есімді шеберге орнаттырады. Күмбездің ауданы 9х9 м, биіктігі 8м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Күмбез қазақы ою-өрнекпен безендірілген, 8 қырлы барабанды күмбезге жарық түсетін 4 терезесі бар, маңдайшасын бөренеден қиған. Ішінде сағана түрінде құлпытас қойылып, үстіне арқардвң мүйізі қойылған. 1989 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен қайта жөндеуден өткізіліп, күмбез республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне алынған.
Айқожа бабамыз халыққа білім беріп қана қоймай имандылыққа тәрбиелеген. Қазақтың қазақ болғалы діни, рухани астанасы Түркістан екендігі белгілі. Бірақ патша үкіметі өздерінің қазақтарға қатысты діни саясаты негізінде Орынбордан мұсылман діні басқармасын ашып, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының діни істерін соған қаратады. Мұндағы мақсат қазақтарды негізгі діни ұйытқыдан алыстатып, діни билікті де өз қарауына алу болатын. Сонда хандық биліктен де, діни биліктен де айырылған қазақ өз-өзіне деген сенімін де жоғалтып, құлға айналады. Бұған қазақ келіспеді. Сыбан-Найман болысына қарасты бес қазақ руларының 1824 ж. қыркүйекте отарлаушыларға қойған талаптарының бірі төмендегідей: «…Біздің халық арасында ұшырасатын кісі өлтіруден басқа барлық іс біздегі мұсылман талқысына (шариғатқа) берілсін». Е. Бекмаханов осы мәліметтен соң өз ойын «…қазақтар кейін Кенесары туы астына жиналып, ерлікпен күрескенде нақ осы талаптарға қол жеткізуді ойлаған еді» – деп тұжырымдаған. Ал егер шындығында патшалы Ресей қазақтардың ислам дініне қамқор болуды мақсат еткен болса, жоғарыдағы талаптарды орындаған болар еді. Бұл талаптарды үкіметтің қабылдамай тастағаны белгілі. Біріншіден қазақтар онсыз да мұсылман болатын. Патшалы Ресей исламды қазақтарды басқарудың жолы ретінде көріп, татарларды қалай басқарса, қазақтарды да солай билеуге болады деп үміттенді. Екіншіден «қазақтардың діни сауатын арттыру» мақсатында татар-ноғай молдаларын өз мүдделеріне қолданып бақты. Бұл туралы Ш. Уәлиханов кіші жүз қазақтарының әрбір ауылында бір татар молда болғандығын жазса, бұған наразы болған қазақтардың ахуалын Бұхар жырау: «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа, Бес уақыт, бес намаз, Біреуі қаза қалмасқа… Жер қайысқан қол келіп, Содан сасып тұрмасқа, … Сол заманың келгенде, Ата-бабаң қол берген, Қожаларды қас көрер, Ноғайларды ғалым деп, Әулиедей көресің…» – деп білдірген. Қазақтар Қоқан, Хиуа дінбасылары тарапынан да «діни сауатсыз», кейде «мушриктер» ретінде танылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: