Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

АРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДАБүгін аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заңға тағзым» акциясы аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесу болды.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, оларға меншік құқығын қорғау бойынша құқықтарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін түсіндіру. Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесі бекітіліп, уәкілетті органдар тарапынан тексеру жұмыстарының күрт артуы күтілуіне байланысты кәсіпкерлік субьектілерінің негізсіз тексерілуіне жол бермеу болып табылады. Жиында аудандық прокуратураның прокуроры Руслан Нұрлыбай, Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ақзия Қасымқызы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұрат Күмісов және кәсіпкерлер палатасының басшысы Кәдірхан Еңсепов баяндама жасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: