2014 жылы облыста 20493 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған
ОІІД ӘПБ бастығының орынбасары міндетін атқарушы Е.Жаукеев Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде өткен шұғыл кеңес отырысында облыс көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Өткен жылы барлығы 20 мың 493 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған.
Оның 7659 дерегі Қызылорда қаласының үлесінде екенін көрсетті. Анықталған құқық бұзушылық деректеріне қысқаша шолу жасағанда, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, демалыс парктерін ластағаны үшін 3894 азаматқа, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 939 азаматқа, алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу дерегі бойынша 5824 азаматқа, тыныштықты бұзу дерегі бойынша 2859 азаматқа, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін бұзғаны үшін 1417 азаматқа, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін 3107 ата-анаға әкімшілік шара көрілгенін көрсетті. Жыл көлемінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Таза аймақ», «Тазалық апталығы» профилактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылып жатқандығын көрсетті.