Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен биылғы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар барысы қаралды.
Жиында жол саласына жауапты жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратов баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
2022 жылы жергілікті жол желісін дамытуға 18,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 359 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізу жоспарланған.
Есепті кезеңде бөлінген қаржының 82% игеріліп, ұзындығы 275 шақырымды құрайтын көшелер мен жол желілері жөндеуден өтті.
Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, жауапты мемлекеттік орган басшыларына автомобиль жолдары мен көшелердің салу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, құрылысы жүргізіліп жатқан объектілердің бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу және мерзімінде аяқтау, жол белгілерін жаңарту, күтіп ұстау жұмыстарын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.