Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа басқармада жұмыс жүйеге қойылған

Биыл ақпан айында облыс әкімінің тапсырмасымен Қызылорда облысының дін істері басқармасы құрылды.


Басқарманың басты міндеті – дін саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті жерде жүргізу. Осы жылы жұмысын бастаған басқарма Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында брифинг берді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков айтты.
-Аймақта діни ахуал тұрақты. III тоқсанда жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 88,5 пайызы осылай жауап берген.  Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 7 конфессия өкілі бар. Олардың қатарында 182 мешіт, 15 шіркеу және 2 миссионер діни қызмет атқарады. Дін істері басқармасы діни экстремизм және терроризм профилактикасы бойынша 3 бағытта жұмыс істейді. Атап айтсақ,  жалпы профилактика, оңалту жұмыстары, интернеттегі қарсы насихаттық шаралар, - деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: