Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОҚЫТУ СЕМИНАР

 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОҚЫТУ СЕМИНАР«Даму» Қоры ұйымдастырған «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту» семинары аясында Қызылорда облысының мүгедек әйелдері оқытудың бірінші кезеңін аяқтады.
Семинарды өткізу үшін арнайы Алматы қаласынан «Шырақ» Қоғамдық бірлестігінің бизнес-тренері Захира Бегалиева келді. Екі күн бойы жобаға қатысушы мүмкіндігі шектеулі әйелдер «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 18 бен 47 жас аралығындағы мүгедектігі бар әйелдерге арналған тиімді қарым-қатынас пен көшбасшылық қабілеттеріне дағдылану бойынша оқудан өтті. 
Семинарға жасалған арнайы бағдарламада мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген жаңа заманғы мүгедектік түсініктемесін қалыптастыру, өзіне сенімділікті арттыру, өзіндік оқшаулану  мен масылдықтан арылту және мүмкіндігі шектеулі әйелдердің өзгеге тәуелді болмауын үйрету, ұжымда көшбасшы болуға машықтану мен оның әдістері сияқты бөлімдерден құралды. Бизнес-тренер қатысушыларға жұмысқа қабылдау кезіндегі тиімді қарым-қатынас дағдысы мен бизнес-жобаны жүзеге асыру әдістерін дарытуға тырысты. Семинар-тренинг барысында мүмкіндігі шектеулі әйелдер кәсіпкерліктің негіздеріне оқып, өздігінен бизнес-жоспарды жасауды үйренді.  
Оқыту бағдарламасын ұйымдастырушылардың сөзінше тек алғашқы кезең қорытындыланды. 20 қазанға дейін еліміздің барлық аймақтарында жаңа білім мен мүмкіндіктерге ұмтылған 180 мүмкіндіктері шектеулі әйелдер оқытудан өтеді. Осыдан соң 90 әйел іріктеліп, екінші кезеңде кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, тігіншілік өнер мен бизнес-жоспар жасаудың негіздері және call-центрдің операторы қызметі сияқты бөлімдер бойынша қайта даярлаудың оқыту курсынан өтеді. 
Семинарға қатысушы Айнұр Жалиеваның сөзінше, аталған бағыттағы тренингтер әсіресе қоғамдағы түрлі түсініспеушіліктер мен қиындықтарға ұшырайтын мүмкіндіктері шектеулі әйелдерге аса қажет болып отыр.  
- Мен Қазалы ауданынан арнайы келдім және осындай маңызды семинарға қатысқаныма қуанып отырмын. Біз көп жағдайда көмекке мұқтаж болып, қажетті білімді кімнен және қайдан алуға болатынын білмей жатамыз.  Осы семинарда біздер көп сұрақтарға жауап алып қана қоймай, өз бизнесімізді жүргізудің қыр-сырларына қанығып, ерекше жағдайларда өзіңді ұстауды да үйрендік. Үйіме оралғанымда тігін тігуді қолға алып, өзімнің шағын кәсібімді бастасам деп жоспарлаудамын, - дейді Айнұр Жалиева. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: