Қызылордада күзет жүйесіне қосылған үйлерде ұрлық тіркелмеген
Жыл басынан бері бөтен мүлік қылмыстарының алдын алу, ескерту және жолын кесу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлаынша, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке күзет ұйымдарымен бірге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Облыста 160 жеке күзет ұйымдары тіркеліп, оның 33-і Қазақстан Республикасының басқа аймағынан келген күзет қызметімен айналысатын филиалдар болып табылады. Бүгінгі таңда облыс аумағында 3468 күзетшімен қамтылған 77 күзет ұйымдары жұмыс жасайды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 488 үйлер мен пәтерлер күзетке алынса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, күзетілетін үй-жайлардың саны 979-ды құрап отыр. Пәтер ұрлықтарына талдау жүргізу барысында 2012-2015 жылдары аралығында күзетке алынған үйлер мен пәтерлерде ұрлық қылмысы мүлдем орын алмағаны анықталды.
Қазіргі таңда, пәтер ұрлықтарының алдын алу бағытында көп қабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне домофондар орнатылып, бұл құрылғының үй-жайларды күзету, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тиімді жақтары түсіндірілуде.
Заңды және жеке тұлғаларға күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме, насихат жұмыстары, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары мен оператор фирмалармен өзіндік жарнамалық жұмыстары жайлы бүгінгі күні үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, осы кезде жалғасын табуда.