Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Су айдындарынан 50 тоннадан аса қоқыс шығарылды

Жыл сайын өңірдегі су айдындары мен көлдерді қоқыстан тазалау мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіліп келеді. 
Биыл аталған тазалық шарасы наурыз айының 1-нен басталып, мамыр айының 30-на дейін жалғасады. Бүгінге дейін акция аясында су астында қалған 50 тоннадан аса қоқыс шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров мәлімдеді.
- Дәстүрлі түрде өткізілетін «Таза су айдындары» акциясын осы жылы да карантиндік талаптарды сақтай отырып жалғастырдық. Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзені мен «Көксу» су айдынында және Түркістан облысы аумағындағы Шардара су қоймасында жергілікті табиғат жанашырларының қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Аймақтың барлық ірілі-ұсақты су айдындарын қамтыған акцияға 861 адам қатысып, 142 арнайы техника мен 70 шағын көлемді жүзу құралдары жұмылдырылды. Нәтижесінде 52,05 тоннаға жуық әр түрлі қоқыс пен 582 дана балық аулау құралдары шығарылды, - деді Жанқожа Рамбердіұлы. 
Айта кетейік, акция табиғат қорғау мекемелерінің, табиғат пайдаланушылардың, еріктілердің және қоғамдық, ғылыми ұйым өкілдерінің, су айдындарына жақын орналасқан ауыл тұрғындарының, оқу орындары студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: