Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада түзеу мекемесіне 10 телефон өткізбек болдғандар ұсталды

Қызылордада екі ер адам түзеу мекемесіне 10 телефон мен қуаттағыш құрылғыларын өткізбек болды.


13 шілдеде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне шұғыл ақпарат түскен. Мекеме аймағында жүрген екі азамат қызметкерлерге күдік тудырған. Мекеме қызметкерлері жедел түрде 102 нөміріне хабарлап, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталғандардың бірін тексеру барысында скотчпен оралған заттан бес ұялы телефон, үш қуаттағыш құрылғысы және екінші күдікті ер адамның сөмкесінен пластикалық бөтелкеге жасырылған тағы сегіз телефон, үш қуаттағыш пен екі құлаққап тәркіленіп алынды. 
Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес, екі азаматтың іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: