Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғалымдар иммунитетті әлсірететін өнімдерді атады

Қант пен транс майлар — адамның иммундық жүйесінің негізгі жаулары. Бұл жөнінде 365info.kz жазды. 
Бұл туралы ресейлік диетолог Ирина Лизун айтты, деп хабарлайды  «Московский комсомолец». Дәрігердің айтуынша, қанттың шамадан тыс тұтынылуы дененің иммундық реакцияларын байланыстыратын микрофлораны өзгерте алады. Жартылай фабрикаттарда көп мөлшерде болатын транс майлар да иммундық жүйеге жақсы әсер етпейді.
«Е-лер», яғни дәмді жақсартқыштар, хош иістер мен бояғыштар  иммунитеттің басты жаулары. Оларды жеке алғанда аса зияны жоқ, бірақ егер мұндай қоспалары бар өнімдерді үнемі тұтынатын болсақ,  иммунитетке теріс әсер етуі мүмкін, деп түсіндірді Лизун.
Сондай-ақ, иммунитетке майлар мен көмірсулардың көп мөлшері бар, тамақтарды жеу де қауіпті.
– Егер адам  күн сайын тек картоп, макарон, шошқа еті мен қияр жейтін болса, дәрумендер, микроэлементтер мен антиоксиданттардың жетіспеушілігі автоматты түрде пайда болады, – деді дәрігер.
Лизун дәрумендерге, микроэлементтерге және антиоксиданттарға бай тағамдарды тұтынуды ұсынды, өйткені қоректік заттардың кез келген жетіспеушілігі иммунитетті әлсіретуі мүмкін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: