Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, екі адам алдын ала сөз байласу арқылы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті «Протхоз» елді мекенінен өтіп, Сырдария ауданы мен Тасбөгет кентінің екі ортасындағы ашық далаға, шабырдың арасына ірі мөлшерде, яғни, 7 200 түп құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егумен айналысқан. Оны өсіріп, кептіріп, дайындаған және сақтаған.
Сот үкімімен қылмыскердің екеуі де 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.