Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БЫРАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БЫРАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫАудан әкімі Руслан Рүстемов «Тау самалы» тынығу лагеріне арнайы барып, ондағы оқушылардың білім деңгейі және ҰБТ- ға дайындық жұмыстарымен танысты.
Аталмыш лагерде 2015 жылдың 7 желтоқсанынан бастап бітіруші 11 сыныптарды ҰБТ-ге дайындық сабақтарын өткізу басталды. Дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 2015 жылдың желтоқсан айына 4,0 млн теңге қаралған болатын. Дайындық сабақтары өткізілетін корпуста 3 аудитория бар. Жатын орын ғимараты мен оқу корпусының жылу жүйесі толықтай жұмыс жасайды. 1 лекке 36 орта мектептен 70 қыз бала қамтылған. 70 қыз баланың таңдау пәні биология пәні.
Бүгінде бітірушілерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздары сабақ өтуде. Аталған дайындық жұмыстарын жалғастыру үшін 2016 жылы да қаржы қаралады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, аудан әкімі Руслан Рүстемов қызметке кіріскен 2015 жылдың алғашқы айларынан бастап, бірінші кезекте білім саласына баса назар аударуда. Себебі түсінікті, өткен 2014 жылы мектеп түлектері аймақта ең төменгі 68,5 балл жинап, аудан білім сынағы көрсеткішімен облыста соңғы орынға орналасты. Осы олқылықты түзеу үшін аудан басшысы білім саласына арнайы сараптама жасап, сынама сынақтан соңғы сатыға түскен мектептермен жеке- жеке жұмыс жүргізіп, жауапкершілігін күшейткен болатын. Нәтижесінде биылғы жылдың ҰБТ нәтижесімен ауданның түлектерінің орта балы 81,6 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13,1 балға өсті. Облыстағы соңғы орыннан ұтымды төртінші орынға көтерілді. Сондай- ақ, тиісті сала мамандарына келер жылы да бұл көрсеткішті жақсарту қажеттігін тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: