Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Қайсар" футбол орталығы балалар фестиваліне шақырады

"Қайсар" футбол орталығы балалар фестиваліне шақырадыМаусымның 3-і мен 4-і күндері Қызылорданың «Локомотив» стадионында футболдан балалардың қалалық фестиваль өтеді. Фестивальдің қорытындысы бойынша «Қайсар» футбол орталығына дарынды балалар іріктеліп алынады.
Іріктеулер таңертеңгі сағат 9:30-дан бастап 2006, 2007 және 2008 жылы дүниеге келген жеткіншектер арасында жүргізіледі. 3 маусым – 2006 жылғы, 4 маусым – 2007 және 2008 жылғы балалар арасында іріктеулер жүргізілетін күн.
Сондай-ақ, қаланың әр бұрышында орталықтың филиалдары ашылған. Атап айтсақ, Илья Ильин алаңы, №5 орта мектептің алаңы, «Динамо» алаңы және Гагарин ауылындағы «Орленок» алаңы. Ол жақтарда да 2006, 2007 және 2008 жылғы балаларды іріктеу жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: