Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Бүгін, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев барлық ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, қала бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталды.
- Қызылорда қаласы аймағымыздың тек саяси және әкімшілік, немесе мәдени орталығы ғана емес, білім мен ғылымның ошағы. Себебі білім - қалада!
Қазақылықтың қайнары, Алаштың – Ақмешіті атанған бұл қала, кешегі өткен алаш қайреткерлері мен ұлт зиялыларының басын қосқан киелі мекен, қазақ тарихындағы талай бастамалар мен тың жаңалықтардың қасиетті ордасы.
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы, қазақ халқының білім беру саласындағы тарихи жаңалығының да алғашқы куәсі біздің қала.
1929 жылы Қызылордада өткен конференцияда көрнекті ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқына, өзінің алфавитімен бірге халқының сауатын ашу үшін жасаған зор еңбегін, алғаш болып осы киелі топырақта жария етті.
Сол кезден бастап қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға ауыстырылды. 
Сол себепті, Қызылорда – қазақтың алғашқы саяси астанасы ғана емес, тұтас халқымыз үшін білімнің қара шаңырағы деуге толық негіз бар,- деген қала әкімі, бүгінгі ұрпақ осы құндылықтардың бағасын жоғалтпай, мәртебесін еселеу жолында қарқынды еңбек етуіміз керек деді.
Салтанатты шарада, бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министірінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталса, қала әкімі білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді 100 мың теңге сыйақы және Алғыс хаттармен марапаттады. 
Осы айтулы мереке қарсаңыда мұғалімдер арасында өткізілген кіші футбол турнирінің және эстафеталық жарыстардың жеңімпаздары атанған екі команда 100 мың теңгеден марапатталса, 2 орын алған екі команда - 70 мың, 3 орын алған екі команда - 50 мың теңгеден сыйақы алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: