Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада күзет жүйесін қамтамасыз ететін 7 оператор фирма бар

Қызылордада күзет жүйесін қамтамасыз ететін 7 оператор фирма барКүзет-дабыл жүйелерімен күзету – компания пульті операторы арқылы күзетілетін объектіден дабыл қоңырауын қабылдауды және бақылауды іске асыратын, қабылданған ақпаратты қаруланған күзет жасағына жолдай отырып дабыл қоңырауынан түскен сигналдың  себебін анықтауды жүзеге асыратын  шаралар кешені. Бүгінгі таңда жылжымайтын мүлікті күзет-дабыл жүйелеріне қосу – жеке күзет ұйымдарының нарығында ең көп тараған қызмет болып табылады.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Қызылорда қаласының аумағында  күзет жүйесін қамтамасыз ететін  7 оператор фирма жұмыс істейді. Олар жаңа технологиядағы құрал-жабдықтармен жабдықталған, мемлекеттік стандартқа сай қызмет атқарып отыр. 
Күзет дабылы тұрғын үй, кеңсе, барлық көлемдегі өңдіріс ғимараттарын күзет қызметкерлерінің немесе үй иесінің бар-жоғына қарамай тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Күзет дабыл жүйесінің түрлері:
1. Автономды күзет дабыл жүйесі – жылжымайтын мүлікті күзетуде объектіге қауіп төнген жағдайда хабарлама жүргізілмейді, яғни дабыл қоңырауы диспетчерлік пультке жіберілмейді. Бұл жағдайда дер кезінде ұрыларды қорқыту және көршілердің немесе  жақын жылдам күшінің назарын аудару жүйесі іске қосылады.
2. Орталық бақылау пультіне қосылған күзет-дабыл жүйесі – күзетілетін объект датчиктермен және коммуникациялық модульмен жабдықталады. Барлық құрылғылар бақылау панеліне қосылып, датчиктердің біреуі іске қосылған жағдайда қоңырау орталықтандырылған бақылау пультіне жіберіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: