Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі «Аралтұз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Аралтұз» АҚ  Директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашевпен кездесті.
Басқосуда өндіріс қызметкерлерінің  жағдайы, компания атынан әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
 Сонымен қатар өндірістік қызметті әртараптандыру мақсатында «Кальциленген сода өндіру зауыты» жобасын іске асыру сұрағы көтерілді.
 Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып, жер телімдері берілді. Инженерлік инфрақұрылымның 5 нысанын жүргізу «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жалпы құны - 4,8 млрд теңге. Қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында кен орындарын игеруге рұқсаттар берілді. Бұл еліміздің осы өнімге қажеттілігінің 75% жабатын, республикадағы кальциленген сода шығаратын ірі зауыт болады.
 Аймақ басшысы барлық мүмкіндікті пайдаланып, зауыт құрылысын жуық арада бастау қажет екенін атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: