Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ


Кеше, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Қызылорда қаласына жасаған сапары барысында, өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарын аралады.
Сырдария өзенінің сол жақ жағалауынан салынып жатқан жаңа қаланың құрылыс нысандарымен танысқан партия хатшысы бұл жұмыстарға оң бағасын берді.
Облыстық мекемелер үйінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытындағы Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы туралы жиын өткізді.
Ғабидолла Рахматоллаұлы Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің халқымен кездесіп, ауыл әкімі, «Ақсуат» бастауыш партия ұйымының төрағасы М. Ақмырзаевтың есебін тыңдады.
Кездесу барысында қала әкімі Н.Нәлібаев Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында өңірде атқарылып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар туралы қсықаша тоқталып өтті.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын көрген Қызылорда мен бүгінгі Қызылордада біраз өзгерістер байқадым. Соңғы жылдары қаланың қарқынды дамып жатқандығы анық байқалады. Көшелер кеңейген, жаңа әсем ғимараттар мен тұрғын үйлердің саны артқан. Сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылысын да көрдім. Осындай ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқан қала әкіміне оң баға беруге болады»,- деген партия хатшысы, өңірдегі оң өзгерістер мен атқарылып жатқан ауқымды істерге көңілі толатындығын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: