Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 5 азаматты алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны алаяқтық деректері бойынша өтініш білдіріп, өз қаражатын қайтаруға  арызданып, көмек сұрады.
Анықталғандай, бір әйел өзін медициналық мекемелердің бірінің мамандар  бөлімінің қызметкері ретінде көрсете отырып, оларға алдау арқылы жұмысқа орналасуға уәде беріп, 1 000 000 теңге көлеміндегі соманы иемденген. Олардың әрқайсысынан ол 200 000 теңге қаражат жымқырған.
Қылмысты ашу барысында тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел – тергеу тобы құрылды.
Жедел –іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында 1974 жылы туылған аудан орталығының бұрын сотталған тұрғыны анықталып, ұсталды. Алаяқ өз ісін мойындады. Күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бабы 3,4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық, бірнеше рет). Қазіргі уақытта материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: