Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 22 мамырында қалалық мәдениет және демалыс паркінде Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен флешмоб өткізілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Аталмыш шараға қала орталығындағы 16 білім беру орындарынан 1000-нан аса оқушы және студент жастар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылды.
Шараға қатысушылар өздерінің биімен есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, барлығын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара соңында полиция қызметкерлері барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Айта кетерлік жағдай, аталмыш сайыс облысымыздың барлық аудандарында да өткізілген болатын.