0
Ақтауда жол бойында аударылып кеткен көліктің видеосы тарады
Ақтауда жол бойында аударылып кеткен көліктің видеосы тарады, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды. Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 8 желтоқсанда, шамамен сағат 9:40-та болған.
14 шағын ауданындағы "Тамшалы" тұрғын үй кешенінің маңында көлік аударылып кеткен. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған.
Оқиға орнында жедел жәрдем мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Lada.kz редакциясы Маңғыстау облысының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына ресми сауалхат жолдады.