Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада биыл15316 нәресте өмірге келді

Қызылордада биыл15316 нәресте өмірге келді2014 жылдың  1 қазанына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 750,2  мың адамды құрады.
Соның ішінде қала халқы – 323,0 мың, ауыл халқы – 427,2 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43%, ауылдықтар үлесіне – 57% тиесілі. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында Қызылорда облысында туылғандар саны 15316 адамды құрады, бұл 2013 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  243 адамға көбейді. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,47-тен 27,42-не  азайған. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында облыста  өлім көрсеткіші 3423 адамды  құрап, 115  адамға көбейді (2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айында  3308 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,03-тен 6,13-не көбейген. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын жаңа өскіндер  аурулары алады (15,1%).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: