Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Ж. сенімге қиянат жасау арқылы, бөтен мүлікті алдап алған, яғни алаяқтық жасағаны толығымен дәлелденуіне байланысты сотталушы кінәлі деп танылып, 1 (бір) жылға бас бостандығы шектелу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкер сотталушы Ж.-дан жәбірленушінің пайдасына 742 000 (жеті жүз қырық екі мың) теңге және мемлекет пайдасына 7 420 (жеті мың төрт жүз жиырма) теңге мемлекеттік баж алымы өндірілген.