ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еркебұлан Меңлібаев 1990 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің менеджері ретінде бастаған. 2010-2014 жылдары «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің және «Қызылорда студенттер альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы болған.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015 жылдың қаңтар айынан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.