Шиеліліктер тағы бір шырайлы да тамаша сәтке куә болмақшы. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары – "Алашұлы” этнотобы "Туған жерге тағзым” жобасы аясында ауданның орталық алаңында тегін концерт өткізді.
Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай және Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай мен дауылпаз әнші Нартай Бекежановтың 125 жылдығына арналды. Талантты жастар отансүйгіштік тақырыптағы асқақ әуендерімен көпшілікті бір серпілтті.