Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа бизнес идеяларды онлайн қорғады

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарды ұтып алуға мүмкіндік мол. 
Осы орайда Сырдария ауданында бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның 3-ші отырысы онлайн түрде өткізілді.
Ауданға қарасты әрбір елді мекенмен бейнебайланыс орнатылып, 68 үміткердің өтініші қаралды. Олардың басым көпшілігі мал шарушылығымен айналысуға қатысты жоба ұсынды. Сондай-ақ құс шаруашылығы, ағаш өңдеу шеберханасын ашу, дизайнер, ат әбзелдерін дайындау, монша ашу, омартамен айналысу және тағы да басқа жобалар бар. Әрбір үміткер комиссиямүшелеріне жобаның мақсат-міндеті мен оның тиімділігін айтып, сұрақтарға жауап берді.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: