Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЖЕЛТОҚСАНШЫ АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазалылық азаматтарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 
– Сіздер Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухы күшті, өр, намысты халық екендігін айдай әлемге таныттыңыздар. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазалының сол кездегі 17-18-дегі өрімдей жастары, бүгін кемел жасқа келдіңіздер. Әр салада қызмет етіп, ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жатырсыздар. Осы орайда Сіздер қандай құрметке де лайықтысыздар, - деді аудан басшысы кездесуде. 
Шарада Желтоқсан оқиғасына қатысушылар А.Қожақова, Ұ.Алматова, Ж.Нұрмашева, А.Машай өздеріне аудан басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: