Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮШЕМДЕР АТА-АНАСЫ КӨЛІКТІ БОЛДЫ

ҮШЕМДЕР АТА-АНАСЫ КӨЛІКТІ БОЛДЫБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылордада дүниеге келген үшемдердің ата-анасын қабылдап, автокөліктің кілтін табыс етті. 
23 жастағы Ботагөз Байкен еліміздегі ең жас көпбалалы ана атанды. Айша, Хадиша, Раяна атты үшемдердің 3 және 1 жастан асқан екі ағасы бар. 
-Үшемдердің бауы берік болсын. Еліміздің демографиялық дамуына қосып жтқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Ең бастысы сәбилердің дені сау болсын. Ал біз өңірдегі ана мен баланың денсаулығын жақсартуға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Жалпы жыл басынан бері өңірде 4 мыңнан астам сәби өмірге келген, оның 28-і егіздер екен. Ал 3 кішкентай ару облыс бойынша жыл басынан бергі туылған ең алғашқы үшем болып отыр.
-Үшемдер дүниеге келгенде қатты қуандық. Ерекше сезімге бөленгеніміз рас. Қазір қыздарымыздың денсаулығы жақсы. Дәрігерлер де үнемі хабарласып, бақылап отыр. Біздің қуанышымызға ортақтасып, сый-сыяпат көрсетіп жатқан облыс басшылығына және дәрігерлерге алғысымызды айтамыз. Облыс әкімі тұрғын үйлердің көп салынып жатқандығын айтып, үй кезегіне тұрсақ, баспана алуға мүмкіндік бар екенін жеткізді, - дейді үшемдердің анасы Ботагөз Байкен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: