Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда жергілікті кәсіпкерлермен жүздесу өтті 

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы Байқоңыр қаласындағы Орталық әмбебап базары аумағында кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалармен кездесу өткізді. Бұл шараға Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы қолдау білдірді.
Кездесуге облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғ. Орынов, Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы бойынша Ресей Федералды салық қызметі инспекциясының бастығыА. Жанаева, Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының орынбасары И. Назарова және облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С. Құлмахан қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы билік органдарын құру тәртібі және оның мәртебесі туралы»келісімнің талаптары түсіндіріліп, екі елдің салық заңнамалары талқыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: