Қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал басын арттырып отырған шаруашылықтар Қызылорда облысында да жетерлік.
Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылының тұрғыны Закир Яйков мал шаруашылығымен айналысады. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы Қызылорда филиалынан 2 млн несие рәсімдеп, 7 бас сиыр сатып алды. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның шаруашылықтарға тиімді екенін айтады. Алдағы уақытта шаруашылығын одан әрі кеңейте түсуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.