2016 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларда Қызылордада полиция қызметкерлерінің қолынан зардап шеккен делінген ер адамның фотосуреті тарап кетті.
Аталмыш ақпарат шындыққа сай келмейді және жалған әрі арандатушылық сипатқа ие.
1 мамыр күні Қызылорда облысында полиция қызметкерлері мен азаматтар арасында олардың дене жарақаттарын алуына, денсаулығы мен өміріне зиян туғызатын салдарлардың орын алуына ықпал ететін қақтығыстар орын алған жоқ.
Аталмыш фотосурет http://www.ajanshaberler.com/cinde-kopek-calandar-linc-edildi-41897.html сайтынан алынып, 2015 жылдың ақпан айында Қытайда болған оқиға екендігі белгілі болды.
Арандатушылық дерегі бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Арандатушылар жауапкершілікке тартылатын болады.