Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Роман Скляр BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Роман Скляр екі тәулік бойы тұрақта тұрып қалған әуе кемесінің үстіне мұз қатып қалуы мүмкін екенін айтып өтті.
«Болған апаттың негізгі нұсқасы – әуе кемесінің үстіне мұздың қатып қалуы», - деді ол.
Комиссия болған апаттың бірнеше нұсқасын зерттеген. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұшақтың суық ауа райы кезінде қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегені анықталған.
«Әуе кемесін мұздың басуына қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмысы ішінара жүргізілген. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша, тек стабилизаторды өңдеу туралы шешім қабылданған. Бірінші санаттағы мұздың басуына қарсы сұйықтықпен ұшақ қанаттары да өңделу тиіс», - деді Роман Скляр.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілген еді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: