Арал ауданы аумағындағы Қамбаш көлінде су астында балық аулаудан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Ақтөбе спортшылары бірінші орын алды. Ал Маңғыстау облысы мен Астана қаласының командалары үздік үштікке ілікті. Жеңімпаз командаға 300 мың ақшалай сыйақы берілді.
Жекелей есепте Евгений Шевченко (Ақтөбе) ел чемпионы атанса, Мәлік Ермақашев (Актау) күміс, Думан Елеуов (Астана) қола жүлдегер атанды. "Ең ірі балық ұстаған" номинациясымен Малик Ермақашев марапатталды.