Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОҚИҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОҚИҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ

 

2016 жылы Қызылорда облысының аумағында тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар 3,7%-ға, ал одан зардап шеккен адамдар саны 7,3%-ға кеміген. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы С. Молдақараев мәлімдеді. 
Сала басшысының айтуынша 2015 жылы облыс аумағында жалпы саны 730 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 27 оқиғаға кеміген. Сонымен қатар, 2015 жылы төтенше жағдайлардан 288 адам зардап шексе, өткен жылы олардың саны 267 адамға дейін төмендеген. 
«Өткен жылы табиғи және техногендік сипаттағы 80 төтенше жағдай тіркеліп, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға төмендеді. Мұнан өзге су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған кешенді шаралардың арқасында суға кету оқиғалары 18,6%-ға азайды. Бұл көрсеткіштерге халық арасында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізу мүмкін болды» - деді департамент басшысының міндетін атқарушы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: