Қызылорда облысының кәмелеке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр әр түрлі санаттағы 49 қылмыстық іс қаралып аяқталды. Олардың 9-ы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124 бабының 1 бөлігімен яғни, «Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» әрекетімен жасалған қылмыстар.
Ал 2014 жылы бұл қылмыстармен 3 іс қаралған еді. Яғни, бұл дегеніміз 6 іске артқанын көрсетіп отыр. 2015 жылы қаралған 9 іс бойынша сотталушылардың барлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 124 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалык лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 7 (жеті) жылға айыра отырып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жеке адамға қарсы қылмыстар негізгі адамның жеке игілігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды бұзумен қауіпті. Бұл қылмыстар әрқашан жеке игіліктерге нұқсан келтіруге бағытталған. Негізгі қылмысқа бағытталған объектіні орнату оны басқа жеке адамға қарсы қылмыстарды басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді. Адам өмірі, денсаулығы, бостандығы, абыройы сияқты жеке адамның игіліктері болып табылады. Яғни бұл жерде жыныстық бостандық та бұл обьектіге тікелей қатысты.
Сондықтан мұндай қылмыстар елімізде белең алмас үшін – телеарналар арқылы арнайы роликтер түсіріліп, олар арнайы жұмыс орындарында, мектептерде, коледждер мен университеттерде көрсетілсе, осындай қылмыстың алдын алуға мүмкіндік болар деген ойдамын.