Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫАрал ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 24-ө санды өкімімен Жақсықылыш кенті әкімінің лауазымына Жалғасбаева Мирамкүл Кәрібозқызы тағайындалды.
Жалғасбаева Мирамкүл Кәрібозқызы – 1963 жылы 25 қарашада Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1981 жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық институтын, «Физика-математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 1986-1987 жылдары Қосаман елді мекенінің мектеп интернатында мұғалім болып бастаған.
1987-1989 жылдар аралығында Жақсықылыш кентінде №19 орта мектебінде мұғалім болып еңбек еткен.
1989 жылдары Халық депутаттары Аралсульфат поселкілік Советінде хатшы, іс-басқарушы қызметтерін атқарған.
2001 жылдың қаңтарынан бастап Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының бас маманы және қазіргі таңда кент әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы, 1 бала тәрбиелеп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: