Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматы ұсталды

Қызылордада шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматы ұсталдыЖыл басынан бері Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан арнайы рейдтік жұмыстары барысында шетел азаматтарының қатысуымен орын алған бірнеше заң бұзушылықтар анықталған болатын. Осындай заң бұзушылық ақпан айында жүргізілген шолу жұмыстарының барысында да анықталды. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің сәліметінше, қала орталығындағы тұрғын үйлердің бірінде Өзбекстан Республикасының азаматы құрылыс жұмыстарымен айналысып жүргені белгілі болды.  Жеке басын куәландыратын құжаттары, яғни паспортын тексеру барысында бұл азаматтың 2014 жылдың 17 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бақылау-өткізу бекеттерінің бірінен жалған құжаттар арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені анықталды.
Сөйтіп, 45 жастағы Наманган облысы, Учкурган ауданының тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы, 1-бөлігі  ҚР-дың мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту немесе жалған құжаттармен өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүруде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: