БӨГЕНДЕГІ ЕСКІ МЕКТЕП ҒИМАРАТТЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛЕДІ
Арал ауданының әкімі А.Мұхимов Бөген ауылдық округінде болды.
Онда көршілес Қарашалаңдағы №75 орта мектепке де барып, спорт залындағы тозығы жеткен еденді оқу мезгілі басталғанша жөндеуді тапсырды. Бұдан әрі Бөгендегі ескі мектеп ғимаратын аралап көрді. Мақсат – осы ескі мектепті алдағы уақытта балабақша ғимаратына бейімдеу. Бұл шаруаны биылдан қалмай реттеуді ауыл әкімі Ш. Андызбаевқа жүктеді. Ал, ауылдың бірқатар мәселелерін тілге тиек еткен тұрғындардың өтініштері кезең-кезеңімен шешілетін болады.