Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қонақ үйде телефонын ұрлаған 3,2 млн теңге аударып алған

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын.


Оның айтуынша 25 мамыр күні 23:00 шамасында белгісіз адам  қала аумағында орналасқан  қонақ үйлердің бірінде ұялы телефонын ұрлап, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру арқылы  телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен «Каспий банк» бағдарламасы арқылы 3 миллион 250 мың теңге ақшасын өз есепшотына аударып алған. 
Жәбірленушіге келтірілген шығын 3 миллион 440 мың теңгені құрады. 
Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби тәжірибесінің арқасында кезекші тәулікте 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз ісін толықтай мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы  бұлтартпау  шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері  жүргізілуде.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: